426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19. Еуропа екінші толқынды болдырмауға күш салуда

  • 217
  • UPD: 09:40, 29.08.2020
COVID-19. Еуропа екінші толқынды болдырмауға күш салуда

Еуропада коронавируспен күрес әлі де жалғасып жатыр. Қарт құрлық елдерінің билігі қазір індеттің екінші толқынын болдырмауға тырысуда. Осыған байланысты шектеу шаралары қатаңдатылып жатыр.

Мәселен, Испанияда  6 жастан асқан оқушының бәрі мектеп қабырғасында маска тағуға міндеттелмек. Ал Германияда қоғамдық көлікте маскасыз жүргендерге 50 еуро көлемінде айыппұл салынатын болды. Бұдан бөлек жыл соңына дейін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу жоспарланған. Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзге елдерді де шектеу шараларын алмауға шақырып отыр.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, соңғы уақытта азаматтар еркінсіп, әлеуметтік қашықтыты сақтауға мән бермейтін болыпты.

Хабар 24 телеарнасы