429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


КВИ мен өрт Бразилияны екі жақтап қыспаққа алды

  • 219
  • UPD: 09:39, 29.08.2020
КВИ мен өрт Бразилияны екі жақтап қыспаққа алды

Бразилияның Пантанал ауданында орман өрті өршіп тұр. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін ондаған маман жұмылдырылды.

Алайда қызыл жалын дес берер емес. Өрттен шыққан қара түтін маңайдың бәрін басып алды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл аймақтағы орман өрті 3 есеге артық тұтанған. Мамандар биыл орманды алқаптың көлемі 35 процентке азайып қалғанын айтады. Қазір апаттан мыңдаған жануар зардап шегуде. 

Каллегарио, өрт сөндіруші:

- Өте өкінішті. Өрттің салдарынан флора мен фауна жойылып барады. Орман жануарлары да қырылып барады. Тілсіз жауды ауыздықтау да оңайға соқпай тұр. 

Бразилияны табиғат апаты ғана емес, аймақта кең етек жайған коронавирус індеті де есеңгіретіп жіберді. Елде соңғы тәулікте 44 мыңнан астам адам қауіпті дертке щалдыққан. Осылайша науқастардың жалпы саны 3 млн 700 мыңнан астып отыр. Олардың 120 мыңы дертінен айыға алмай көз жұмды.

Айта кетейік, Бразилия науқастардың саны бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы