421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөл ауданында сервистік әкімдік ашылды

  • 227
  • UPD: 09:27, 29.08.2020
Алакөл ауданында сервистік әкімдік ашылды

Алматы облысының Алакөл ауданында сервистік әкімдік ашылды. Енді Үшарал қаласының тұрғындары мемлекеттік қызметтің 60-қа жуық түрін бір орталықтан ала алады.

Өйткені мекемеде сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен білім бөлімі орналасқан. Мұндағы мамандардың барлығы бір жерге шоғырланды. Яғни тұрғындар құжаттамаға қатысты мәселесін шешу үшін кабинеттерді араламайды. Әрі анықтамаларын кеңесшінің көмегімен электронды нұсқада алуына жағдай жасалған. Президент жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асқан жоба саладағы ашықтықты қамтамасыз етпек. Бұл жаңа жүйе негізінде іске қосылған өңірдегі 9-сервистік әкімдік. 

Жандос Жұмабаев, ҚР СЖҚІҚ Агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Қыркүйек айының соңына дейін Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарында сервистік әкімдік ашылады. Ал жыл соңында дейін барлық аудан орталықтарында осындай мекеме жұмыс істейтін болады. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етпек.

Хабар 24 телеарнасы