428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-өзбек әуе қатынасы қайтадан жанданады

  • 342
  • UPD: 14:14, 29.08.2020
Қазақ-өзбек әуе қатынасы қайтадан жанданады

Өзбекстан Қазақстанмен арадағы әуе қатынасты қайта жандандырмақ ниетте. Қазір осы елдің Көлік министрлігі тұрақты рейстерді қыркүйек айынан бастап жандандыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Сонымен қатар Түркия, Беларусь және Біріккен Араб Әмірліктерімен де әуе байланысын ашуға ниетті.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, эпидемиологиялық жағдайы нашар мемлекеттерден ұшып келетін жолаушылар коронавирус жұқтырмағанын  растайтын анықтаманы көрсетуі міндетті. Өзбекстанға баратын азаматтар COVID-19 індетіне қатысты ПТР-тесті нәтижесін сапар алдында 72 сағаттан кешікпей алуы тиіс. Эпидемиологиялық ахуалы түзелмеген мемлекеттерді өзбек билігі «қызыл аймаққа» жатқызғанын айта кету керек. Оған Қазақстанды қоса есептегенде ТМД елдерінің бәрі кіреді.

Хабар 24 телеарнасы