426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан шығарған вакцинаны ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді

  • 227
  • UPD: 18:17, 29.08.2020
Қазақстан шығарған вакцинаны ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған вакцинаны ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты.

Бұл туралы ДДСҰ ресми сайтында жарияланды. 

Ал жалпы тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енді.

Деактивацияланған вирусы бар Қазақстан вакцинасы клиникалық сынақтың 1/2 кезеңінде тұрғанын кестеден көруге болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Австралия, Тайвань, Куба, Франция, Австрия және Канада сынды елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірген.

Хабар 24 телеарнасы