432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаевтың ядорлық қарудан азат әлем құруға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз – Тэруми Танака

  • 364
Н.Назарбаевтың ядорлық қарудан азат әлем құруға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз – Тэруми Танака

Токиодағы «Дайго Фукурю-мару» мұражайында арнайы фотокөрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні және Семей полигонының жабылуының 29 жылдығына орайластырылған. Көрмедегі экспонаттар Семей полигонындағы ядролық сынақтар мен «Невада-Семей» қозғалысының тарихын бейнелейді. Шара 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Фотокөрменің ашылуына қатысқан жапондық шенеуніктер Қазақстанның, соның ішінде Елбасының ядролық қарусыздануға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Йошиаки Харада, Жапония парламенті өкілдер палатасының депутаты:

– Жапония – ядролық бомба тасталған және оның зардабын шекккен бірден-бір ел. Сондықтан біз ядролық қарусыздану мәселесіне жете мән бөлеміз. Әрі Қазақстанның бастамаларын терең түсініп, жоғары бағалайды. Былтырға дейін қоршаған ортаны қорғау министрі қызметін атқардым. Және ядролық энергетика қауіпсіздігін басқару жұмыстарына жетекішілік еттім. Біз бұл ресурстарды тек бейбіт мақсатта ғана пайдалануымыз керек.

Тэруми Танака, атом және сутегі бомбаларынан зардап шеккендердің жапондық конфедерациясының төрағасы:

– Ядролық қару – ең қауіпті қару. Өзім Нагасакидегі бомбылаудан жапа шектім. Сондықтан 1956 жылы біз атом және сутегі бомбаларының тауқыметін тартқандардың ұйымын құрдық. Басты мақсатымыз – бүкіл әлемді ядролық қарудан бас тартуға шақыру. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа әлі қол қоймаған елдерді құжатты мейлінше тезірек қабылдауға шақырамыз. Біз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядорлық қарудан азат әлем құруға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы