421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жол сапасына жауаптылар жауапкершілікке тартылды

  • 202
  • UPD: 21:39, 29.08.2020
ШҚО-да жол сапасына жауаптылар жауапкершілікке тартылды

Көлік апатына жүргізуші ғана емес, жолдың сапасы да себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны шығысқазақстандық полиция қызметкерлері айтып отыр. Мәселен, жөнделген жолдың көп өтпей ойқы-шойқы болып қалатыны рас. Шұңқырлар уақытылы бітелмейді, кәріз құдығы ашық жатса, ол да дер кезінде жабылмайды. Аймақта осындай кемшілікті анықтауға қатысты 890 тексеріс жүргізілді. Жолдың сапасына жауапты 127 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сағат Мәдиев, ПБ басшысы:

– Жол қозғалысы туралы заң талаптарына сай жөнделген жолдың сапасы мен ондағы құрылғылардың талапқа сай орналасуына сол жолдың иелері жауапты. Сондықтан жол бойын дұрыс ұстамай, салғырттыққа жол берген мекеме басшыларына 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Айыппұл сомасы кәсіпкерлік субъектісі мен лауазымды тұлғаның мәртебесіне қарай өзгереді.

Хабар 24 телеарнасы