426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы көктемнен бері жабық тұрған бассейндер ашылуға сақадай сай

  • 192
  • UPD: 11:32, 30.08.2020

Орал қаласының тұрғындары карантин режимінің екінші кезеңін тағатсыздана күтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көктемнен бері жабық тұрған бассейндер ашылуға сақадай сай. Бірінші кезекте облыс пен еліміздің құрама командасындағы спортшылар жаттығуларға кіріседі. Сонымен қатар театрлар, діни нысандар мен жаттығу залдары жұмыстарын бастайды.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Оралдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған бассейн 16 жыл бұрын ашылды. Өткен жылы мұнда күрделі жөндеу басталған еді. Жөндеу аяқталысымен спорт нысаны карантинге жабылды. Бес ай бойы 1000 текше метрлік бассейннің жұмысы тоқтап тұрды, бірақ қайта іске қосылуға дайын болды. Бұл орынның ашылуын 400 жас жүзуші күтіп жүр.

Асылбек Өтешев, №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

- Суды қалпында ұстау үшін бассейннің жұмысы жүріп тұрды, циркуляция, химреагенттер уақтылы қосылып тұрды, тоқтатып тастайтын болсақ, су бұзылып кетеді. 25/16 размері, ол енді кішкене стандартқа келмейді, стандарт 50 метр болуы керек. Осымен балаларымыз дайындалып, осы бассейнімізде бізде ҚР чемпиондары шығып жатыр, бүгінгі таңда біздің 12 баламыз ҚР құрама командасының мүшесі болып отыр.

Ал, Оқушылар сарайының жанындағы бассейнде 7 және 16 жас аралығындағы 300 бала жаттығады. Жаттықтырушылар жаңа жұмыс кестесін әзірлеп жатыр. Себебі, жаттығу барысы санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Жаттығу барысында жүзушілер арасындағы 5 метрлік қашықтық сақталуы шарт.

Ерлан Қайырман, оқушылар сарайының бассейн меңгерушісі:

- Спорттың алғашқы түрі бұл бассейн. Бассейн дене бұлшықеттерін, омыртқа буындарының, балалардың қазіргі уақытта бүкіреймей, тік жүруіне бәріне осы бассейн жақсы, ең жақсы спорттың бірі осы.

Самбо, дзюдо мен күрес секцияларында әзірге 30 спортшыдан құралған топтар жаттығады. Ғимаратқа кірген бойда балалардың температурасы тексеріліп, қолдары антисептикалық құралдармен өңделеді. Ал зал ішінде сағат сайын ылғалды тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Нұфтолла Түменов, облыстың самбо бойынша аға жаттықтырушысы:

- Қазір 30 адамнан артық қабылдамаймыз, жаттығуды бөліп жасап жатырмыз. Мына айтқан антисептик, температура өлшеп, қатаң тәртіпте жасалып жатыр, балалардың арақашықтығын сақтап, осындай бағытта санитарлық талаптарды сақтай отырып жасап жатырмыз. Енді келесі аптада кішкентай балалар келеді, оларға да осындай талаптар қойылады, балаларды бөліп жаттықтырамыз.

Караниндік режимнің жеңілдеуі аясында мешіттер де ашылады. Әзірге күнделікті жалпы және жұма намаздары өткізілмейді. Осы күндері имамдар азан шақыру, неке қию сияқты рәсімдерді жүргізе бастайды.

Мұратбек Қыстаубаев, облыстың бас имамы:

- Имаммен жамағат болып намаз оқылмайды, бес уақыт намаз оқылмағаны өз алдына, және жұма намазына да әлі рұқсат толы болған жоқ. Жеке келген адамдарды жаңағыдай талаптар сақтала отырып, келген адамдарды кіргізетін боламыз және оларға қойылатын өз шарттары бар, шамамен айтқан кезде әрбір кірген адам, мысалы, 15 минуттан артық отырмау, кірген адамдар арасы 2 метрлік арақашықтық сақтау, мешіттің іші болса да, бетпердені міндетті түрде қолдану.

Бүгінгі күнге дейін аймақта алты мыңнан астам адам ауыр індеттен айықты. Коронавирустық инфекцияны жұқтыру өсімі тәулігіне 10 адамды құрап отыр.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Ботагоз Базарбаева, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы