420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

  • 243
  • UPD: 13:50, 30.08.2020
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Жамбыл облысында карантиндік шектеулерден кейін алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Жамбыл ауданындағы 17 ауылдық округтің шаруалары тартылды. Жалпы құны 7 миллион теңге болатын 25 тонна өнім шығарылды. Жәрмеңке Конституция күніне Аса ауылының тұрғындары үшін арнайы ұйымдастырылған. Ет, сүт, ірімшік, көкөніс пен жеміс-жидек нарықтан 20%-ке төмен бағамен саудаланды. Ұйымдастырушылар «мұндай шара жергілікті шаруаларға өз тауарларын делдалсыз сатуға мүмкіндік береді», дейді.

Роза Сатова, Аса ауылының тұрғыны:

- Мен өзіме бұрыш алдым. Картоп алдым. Жақсы тиісді бағамен. Бәрін қарап шықтым. 70-80 теңгедей тиімді. Базар қымбаттау бұған қарағанда. Осындай жәрмеңке болып тұрса екен. Айына бір-екі рет болсын.

Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:

- Пилоттық жоба бойынша ауылдық Бесағаш ауылдық округінде кооператив ашылған. Сол кооперативтің мүшелері 280 адам несие алған былтыр. 800 миллионның үстінде. Соның енді өндірген өнімдерін халыққа қайтарым болсын деп өндірілген өнімдерді халыққа сату керек қой. Соны біз шақырып, осы аудан орталығында өткізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы