420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды

  • 215
  • UPD: 15:47, 30.08.2020
Түркістан облысында «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды

Түркістан облысының Келес ауданында Ата заң күніне орай «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда мемлекеттік қызметтің 500-ден аса түрі көрсетіледі. Жаңа жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей ықпал ететін болады. Сондай-ақ халықтық кеңседе өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, «бір терезе» қағидасында қызмет көрсету жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ел аумағында мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space» форматына көшірілуде. «Бұл халыққа барынша қолайлы жағдай туғызып, ашықтықты арттыруға және тұтынушылардың кедергісіз қызмет алуына мүмкіндік туғызады», - дейді мамандар.

Мирас Қарғабай, ҚР СЖҚІҚА облыстық департаменті басшысының орынбасары:

- 7 мемлекеттік мекеменің қызметін бір жерден алу мүмкіндігі бар. Бұрынғыдай әр мекемеге барып, кабинет іздеп жүрмейді. Барлығы осы жерде, электронды кезек күту аймағы ұйымдастырылған. Мейілінше сервистік қызмет көрсетуге арналған әкімдік десек болады.

Хабар 24 телеарнасы