420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы Амангелді ауданында жабық бассейн салынып жатыр

  • 224
  • UPD: 15:57, 30.08.2020

Қостанай облысындағы Амангелді ауданының тұрғындары үші ерекше жаңалық бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жабық бассейннің құрылысы аяқталуға жақын екені хабарланып, ауыл жастары қысы-жазы суда жүзіп, шеберлік шыңдайтын болды. Қазір нысан жұмысы аяқталып қалды.

Нұршапағат Несіпбаев, тілші:

- Ресми дерек бойынша Амангелді ауданында 3 мыңнан астам жас бар. Оның 60%-і, нақтырақ айтсақ, 1900-і аудан орталығында тұрыпжұмыс істейді екен. Жуырда олардың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы үшін жабық бассейннің құрылысы басталды. Нысан жыл соңында пайдалануға берілмек.

Жабық бассейн облыстағы қалаларда бар. Ал, аудан орталықтарында алғаш рет салынып отыр. Нысан барлық талапқа сай, яғни ұзындығы 25, ал ені 8 метр болады деп жоспарланған. Енді оның игілігін тек амангелділіктер ғана емес, көршілес ауылдардан келетін жастар да көре алады.

Әмірхан Асанов, Амангелді ауданының әкімі:

- Мұның қажеттілігі ауданымыз үшін өте маңызды. Біріншіден, бізде ұйымдастырылған жағажай жоқ. Сол себепті өзендер болса да, балаларға суда жүзіп үйрену, спортқа тартылуы, бос уақыттарын тиімді өткізуге, денсаулықтарын жақсартуға бассейннің маңызы зор болып отыр.

Бекболат Көптілеуов, ауыл тұрғыны:

- Бұл бассейн ауданымызға қажетті. Себебі, қазір ауданымызда жастарға арналған футбол алаңдары бар. Енді бассейн салынған соң су спортын дамытуға үлкен мүмкіндік туайын деп отыр.

Құрылыс жұмыстары маусым айында басталды. Әзірге жоспарланған жұмыстың жартысына жуығы істелді.

Равиль Сағадиев, ЖШС директоры:

- Басссейн сағатына 24 адамды бір уақытта қабылдайды. Ғимараттың ұзындығы 30, ал ені 12 метр. Ішінде жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелері мен моншасы болады.

Амангелді аулындағы кезекті нысанның бой көтеруіне «Тілеп» қайырымдылық қоры мұрындық болды. Нақтырақ айтсақ, осы өлкенің перзенті, белгілі құрылысшы – Сапар Ысқақов.

Сапар Ысқақов, «Тілеп» қайырымдылық қорының жетекшісі:

- Құрылыстағы менің жұмысым аяқталар кезде елге берген сыйлығым, мүмкін өмірімде құрылысшы ретінде қалдырған ізім болар. Сондықтан өзім қадағалап отырмын. Айына 2-3 рет осында келемін.

Қайырымдылық қорының жетекшісі бассейннің құрылысы аяқталған соң тағы бір ауқымды жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ол – 7 гектар жерді алып жататын архитектуралық саябақ. Бұл дегеніңіз, әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан әйгілі тарихи ғимараттардың көшірмесі болашақта Амангелді ауылында бой көтереді.

Авторы: Нұршапағат Несіпбаев

Хабар 24 телеарнасы