424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада күн сәулесінен қуат алатын мешіт бар

  • 761
  • UPD: 16:06, 30.08.2020

Заман талабы саналған баламалы қуат көзін тұтынуға ұмтылған ғибадатханадағы ерекшелікті «Хабар 24» арна тілшісі көріп қайтты.

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Азан айтылғанмен, жамағат Алла үйінде құлшылық жасауға немесе құран оқытуға мұқтаж болып қалған еді. Оған себеп – карантиндік шектеулер. Міне, енді сол кездер де артта қалып, ертеңнен бастап еліміздегі барлық мешіттер есігі ашылады.

Дегенмен, кейбір рәсімдердің орындалуы әзірше толық атқарылмайды. Мысалы, жұма намазы. Немесе ас беруге рұқсат берілген жоқ. Ол да уақытша шектеу екені түсінікті. Алла қаласа,, алдағы уақыттарда мұсылман қауымы жұма намазына жиналатын кез де келеді. Елордада еңсе тіктеген бірнеше мешіт бар екені де рас. Мысалы, Рыскелді қажы мешіті. Бұл ғибадатхана қуатты енді күн көзінен алатын болды.

Яхия қажы Абдуллаұлы, ҚМДБ Рыскелді қажы мешітінің бас имамы:

- Осының ең негізгі жаңалығы, күн сәулесімен жабдықталған. Бұл әлемдегі ең бірінші мешіт. Оңтүстікте мұны қолға алса, өте жақсы болар еді деп ойлаймын.

Елордада бұл ашылған оныншы мешіт. Құрылысы да ерекше. Имамның айтуынша, келушілерге қолайлы. Үш мыңдай жамағат сыяды. Және электр қуатына тәуелді емес. Біз атаған құрылғылар арқылы күн көзінен қуат алып отыр,

Бұл шығындарды азайту үшін ойлап тапқан құрылғы еді. Қазір мешітті толық қамтуға жетіп тұр. Артылғанын қалаға таратады екен. Ол үшін арнайы мекемелермен келісімшарт жасалған.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Аят Дүйсембаев

Хабар 24 телеарнасы