420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда өрт сөндіру бөліміне жиырма жаңа көлік берілді

  • 148
  • UPD: 21:38, 30.08.2020

Қарағандыдағы ең ескі өрт сөндіру көлігін енді кез келген адам тамашалай алады. Жәдігер қаладағы №1 өрт сөндіру бөлімінің алдына қойылды.

«ГАЗ - 51» техникасы небәрі екі адамға арналған. Ішіне шамамен 1 жарым тонна су сыяды. Кенді өңірге өткен ғасырдың ортасында жеткізілген автокөлік 40 жыл қызмет көрсеткен. 3 жарым мыңға тарта өрт сөндіру жұмысына қатысқан. Бұл техника әлі де жүріп тұр. Ал мекеме автопаркі мерекеге орай тағы 20 көлікпен толықты. 

Данияр Оспанов, №1 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары:

- Жаңа келген машинамен салыстырғанда көрсеткіштері 10 есеге дейін өзгеріп кеткен, показательдері, технический характеристикасы. Сондықтан бұл машина ескерткіш болып қала береді де. Уже өртке де қолдана алмаймыз. Сол үшін осы жерге қойдық.

Хабар 24 телеарнасы