420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төлеби ауданында 42 отбасыға жаңа үйдің кілті табыс етілді

  • 364
  • UPD: 19:33, 30.08.2020
Төлеби ауданында 42 отбасыға жаңа үйдің кілті табыс етілді

Түркістан облысының Төлеби ауданында 42 отбасына жаңа баспананың кілті тапсырылды.

Айта кетейік, биыл көктемде жауын-шашын салдарынан су тасып, Төлеби ауданында сел жүрген болатын. Салдарынан бірнеше үйді су басып, 42 отбасының шаңырағы жарамсыз болып қалған еді. Шұғыл штаб құрылып, жаңа баспаналар салынды. Баспаналардың жалпы аумағы 2640 шаршы метр.

Амина Игамназарова, Төлеби ауданының тұрғыны:

- Көңілімізден шықты. Құрылыс басында өзіміз келіп көріп тұрдық. Сапасы да жақсы. Елбасымызға алғысымызды айтамыз. Облыс әкімінің қолдауымен мінеки баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Қиын кезде тастап кетпей бізге қолдау білдіргені үшін рақмет.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

- Осы үйге кіріп жатқан отбасыларға құтты болсын айтамын. Осы үйлерді игілігіне пайдаланып, бала-шағаларын осы үйде өсіріп, үлкен әулетке айналуына мен тілектеспін. Мынадай үйлерді 2 айда тұрғызу деген үлкен шаруа. Оны біздің мердігерлердің, құрылысшылардың ерлігі деп түсіну керек.

Хабар 24 телеарнасы