429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында оқушылар ұлттық дәстүрге үлес қосып келеді

  • 162
  • UPD: 21:45, 30.08.2020

Тобыл өңірінің оқушылары ұлттық дәстүрді дәріптеуге үлес қосып келеді. Тігіншілікті меңгерген ұзынкөлдік қыз балалар тұрмысқа қажетті құрақ көрпе, дорбаша, түрлі ойыншықтар тігуге құштар. Коронавируске байланысты жас қолөнер шеберлері онлайн түрде тегін курстар да өткізеді.

Бала кезінен Райгүл Исенованың қолынан ине-жіп түскен емес. Қашанда бос уақытында ою-өрнекпен безендіріп түрлі бұйымдар тіккенді ұнатады. Соңғы үлгідегі тігін машинасын да бес саусағындай меңгерген. Сүйікті ісі табандылық, математикалық есеп пен асқан зеректікті талап ететінін айтады.

Райгүл Исенова, қолөнер шебері:

- Қыз-келіншектер тұрмысқа шығып жатқанда ата-анасы беретін төр көрпешелер, дорбашалар, әрбір дәстүрге сай сыйланатын сыйлықтар бойынша әртүрлі ою-өрнектер оюланған заттарды жасаймын. Қандай да бір дорба, бір нәрсе тігетін болсам, оны мен бір сағат көлемінде тігіп шыға аламын. Егер өрнегін бастыру керек болса, онда ол кішкене көп уақыт алады. 

Қыз-балаларды қолөнерге баулудың арқасында мектепте осындай шағын музей пайда болды. Мұнда әр оқушының бұйымы қойылған. Кез келген тұрғын өзіне ұнаған затты осы жерден сатып алуға ие. Интернет арқылы да тапсырыстар көптеп түсіп жатыр.

Ақлима Әмрина, жоба үйлестірушісі:

- Мына дорбаны біздің мектептің мұғалімдері жасады. Көріп отырсыз арнайы моншақпен, сылдырлақпен безендірілген. Ою-өрнек салынған. Осы дорбаны 4 мыңға сатып жатырмыз. Алушысы бар. Ойыншықтарға келсек, мынадай аюлар 3 мың теңгеден сатылып жатқан. Бұларды біз интернетке орналастырдық. Сонда интернет арқылы сатылып жатыр. 

Номері екінші Ұзынкөл орта мектебінің ұжымы тігіншілікті насихаттауды былтыр мықтап қолға алды. Оқу ордасы облыстық әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде бірнеше рет ақшалай грант ұтқан. Соның нәтижесінде үш тігін машинасын және қажетті жіп, мата сатып алды.

Ақлима Әмрина, жоба үйлестірушісі:

- Тоқимын деген қыз тоқыма жіп керек болса біз оны тегін береміз. Оның өзі тоқымамен айналысуға мүмкіндігі бар. Талпынса болды. Ең маңыздысы бұл жерде баланың қызығушылығын тарту.

Қашықтан оқыту жүйесіне байланысты мектеп ұжымы тігін өнеріне дағдылайтын онлайн бейнесабақтар әзірлеген. Қазір тегін курстарда 40 адам оқып жатыр. Болашақта оқушылар жеке кәсіпкерлік нысанын ашуды көздейді. 

Автолрлар: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы