421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мерзімді қызметке шақырылған сарбаздар Отанға ант берді

  • 140
  • UPD: 03:34, 31.08.2020
Мерзімді қызметке шақырылған сарбаздар Отанға ант берді

30 тамыз мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін маңызды күн. Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы күні олар Отанға адал болуға ант береді.

Еліміздегі Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдерінде әскери ант беру рәсімдері өтуде. 5800-ден астам мерзімді әскери қызметші Отанға адал болуға ант берді.

Карантиндік шаралар жағдайында ант беру рәсімдері әскерге шақырылғандардың туыстарының қатысуынсыз ұйымдастырылған. Туыстарға рәсімге онлайн режимде қатысу мүмкіндігі берілді.

Еліміздің әр өңірінен келген жастар экстерриториалды принцип бойынша бөлінген. Жас сарбаздар Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінде қызмет ететін болады.

Әскери ант қабылдар алдында жас жауынгердің курсы болды. Бір ай бойы әскерге шақырылушылар жалпы әскери жарғыларды зерделеп, саптық, атыс және дене дайындығын меңгерді.

Нағыз шыдамдылық пен күш, күрделі шешімдер қабылдау қабілеті бүгінгі ант қабылдаған жас сарбаздардың білуі керек тәжірибе. Әскер -ерлік мектебі және ол ант беруден басталады.

Хабар 24 телеарнасы