426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да білім ордалары жаңа оқу жылы қарсаңында күрделі жөндеуден өтті

  • 212
  • UPD: 08:56, 31.08.2020
ШҚО-да білім ордалары жаңа оқу жылы қарсаңында күрделі жөндеуден өтті

Жарма ауданындағы мектептерде биыл жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысандардың шатырлары ауыстырылып, терезелері жаңадан қойылды. Жылу жүйелері мен су құбырлары да ретке келтіріліп жатыр. 38 мектептің 17-сінде әжетханалар далада болатын, бұл мәселе де толық шешімін тауып отыр. Жалпы аудандағы 7 мыңнан астам оқушының 4 мыңға жуығы онлайн білім алса, қалғандары қалыпты тәртіппен оқиды. Шәкірттер мен ұстаздардың індетке қарсы қауіпсіздік шаралары да қатаң талапқа сай болмақ.

Айдар Ибраев, Жарма ауданы әкімінің орынбасары:

– Республикалық «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 486 миллион, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 144 миллион, содан кейін жергілікті бюджет арқылы 55 миллион теңге бөлініп, осы аудандағы 38 мектептің 15-іне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні тамыз айында сол мектептердің 12-сінде, яғни 80 процентінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалған 3 мектеп осы қыркүйек айының ішінде өздерінің жөндеу жұмыстарын аяқтайды деп күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы