420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық зейнеткер үйінен музей ашты

  • 172
  • UPD: 08:55, 31.08.2020
Атыраулық зейнеткер үйінен музей ашты

70 жастағы атыраулық Ғалымжан Мұқашевтың өз үйінен ашқан музейі бүгінде келушілерді өткен дәуірмен байланыстыратын ғажайып орынға айналған.

Зейнеткердің жеке қорындағы 100-ден астам жәдігердің көбі – ретро стильдегі бұйымдар. Ғалымжан қария көргеннің көз жауын алатын бұл ғажайып дүниелерді жас кезінен жинай бастапты. Уақыт өте хоббиі шағын музейдің ашылуына түрткі болған. Бұл жерде телевизор мен радио-қабылдағыштың, сағат пен музыкалық аспаптың бірнеше түрі бар. Ескі фотоаппараттарды да кездестіруге болады. Бәрі қаз- қалпында сақталған. Жүздеген мұрғаттардың ішіндегі ата үшін аяулысы – анасының көзін көрген мына ұршық.

Ғалымжан Мұқашев, коллекционер:

– Айналдырған кезде, жіпті салып отырады да, жіп мынаған жиналады. Анамның көзі ғой деп әкеліп қойдым. Немерелерім бар. Соларға мұра болып қалсын деген ниетте. Музей ашып, одан пайда көрейін деген ой жоқ. Тәрбиелік мәні бар деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы