420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да өртке қарсы дабылқаққыш орнатылып жатыр

  • 181
ШҚО-да өртке қарсы дабылқаққыш орнатылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында иіс тиюге байланысты қайғылы жағдайлардың алдын алуға орай сақтық күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы жеке сектордағы тұрғын үйлерге өртке қарсы дабыл-қаққыштың екі мыңнан астамы орнатылған еді. Биыл 2 жарым мыңы қойылады. Бір айдың ішінде тек Өскеменде ғана елу шақты үйге осындай «ақылды тетік» орнатылды. Алғашқы кезекте мұндай құрылғыларды әлеуметтік жағдайы нашар жанұялар мен көпбалалы отбасылар, жалғызбасты қариялар мен мүгедек жандардың баспанасына қою көзделген. Тек биылдың өзінде құрылғы 23 адамды иіс тиюден сақтап қалған. 

Әдия Нұрсейітова, қала тұрғыны:

– Мүмкіндік болса әр үйде болса деген ойдамын, неге десеңіз қазір аяқ астынан өрт шығып жатыр, өйткені өткенде көрдік, балалы ана қайтыс болып жатқанын, егер сақтық шаралары қолданса, мүмкін олар ерте оянып, ажалдан аман қалар ма еді.

Хабар 24 телеарнасы