421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда бірқатар карантиндік шектеу күшін жойды

  • 269
  • UPD: 14:36, 31.08.2020

Бүгіннен бастап Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер біршама жеңілдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, кітапханалар, мұражайлар мен театрлар 5 айлық үзілістен соң жұмысын қайта бастайды. Дегенмен, мәдени нысандарға келетіндер саны 50 проценттен аспауы тиіс және ұжымдық дайындықтарға 30 адам ғана қатыса алады. 

Гүлмира Әбішева, тілші:

– Иә, өздеріңіз көріп тұрғандай, бүгін облыстағы спорттық нысандар қайта жұмысын бастап жатыр. Мен де бірнеше айдан кейін жаттығу залына қайта оралдым. Карантинде жатып, біраз салмақ қосып алдық, енді қимылдап, тер төгуге тура келеді. Бүгін бірақ бұл фитнес жұмыс істемейді , себебі қаулыға сәйкес, барлық кәсіпкерлік нысан демалыс және мереке күндері жұмысын тоқтатады. Бүгін мереке болғандықтан, тек қана жуып-шайып, ертеңге дайындалып жатыр. Мұнда әрине, сақтық шаралары сақталуы тиіс. Әр адамның ара қашықтығы 2 метр болуы керек. Және жаттығушылардың саны 50 проценттен аспауы қажет.

Сонымен қатар жаңа қаулыға сәйкес, ертеңнен бастап барлық мектепте тек қана 1-ші сынып оқшылары үшін кезекші сыныптар ашылатын болды. Баласын мектепке оқытуға апарғысы келген ата-аналар арыз жазады. Әр сыныпқа 15 баладан артық қабылданбайды.

Хабар 24 телеарнасы