420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында театр ұжымы бес айдан соң көрерменмен қауышты

  • 198
  • UPD: 15:19, 31.08.2020

Қарағанды облысында да бүгіннен бастап карантин шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бассейндер, спорт кешендері, мешіттер мен шіркеулер және мәдениет нысандары  қайта ашылады. Десе де, белгілі бір шектеу шаралары мен нормалар әлі де сақталмақ. Осы мәдени нысандардың ішінде Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры да бар.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

– Қайырлы күн, әріптес. Өзіңіз атап өткендей, 87 жылдық тарихы бар театр бір ғасырға жуық уақытта бірінші рет 5 ай бойы көрерменнен қол үзіп қалды. Ал театрды 2012  жылдан бері басқарған  Сансызбай Бекболатов пен режиссері әрі актеры Сламбек Жұмағали қауіпті инфекциядан көз жұмды. Бұл ұжым үшін соның ішінде, өнер адамы үшін, өте ауыр соққы болғаны айтпасақ та түсінікті. Бүгін қазақы дәстүрмен айтсақ, «бет көру», көрерменмен қайта жүздесу күні болады.

Жалпы, жыл сайын театр өкілдері кемі 6 жаңа спектакльді көрермен назарына ұсынып отырады.  Жанрларда әр түрлі. Қазіргі таңда театр репертуарында 100-ге тарта спектакль болса, соңғы бес жыл бойына әр жылы көрермен назарына 250 ге жуық қойылым ұсынды. Қазақ  драматургтерінен өзге, бауырлас халықтар қырғыз, әзербайжан мен башқұрт, татар, түркі жұртының шығармалары және орыс сондай-ақ, әлемдік классиканың да үлглілері сахналанып келеді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы