424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында кейбір нысанның жұмысына рұқсат берілді

  • 231
  • UPD: 15:59, 31.08.2020
Қарағанды облысында кейбір нысанның жұмысына рұқсат берілді

Қарағанды облысында карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңі аясында,бірқатар нысанның жұмысы қайта басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін театрлардың қызметіне рұқсат беріліп, актерлерге 30 адамнан көп емес жағдайда дайындық жүргізуге рұқсат берілді. Ұжымдық іс-шаралар өткізбей, жекелей бару үшін діни мекемелер де есігін айқара ашты. Ұлттық парктер мен қорықтарға 15 адамнан аспайтын топпен кіруге болады. Қала маңындағы жолаушылар пойыздарының, электр пойыздарының, қалааралық және облысішілік автобустардың қозғалысы қайта басталады. Десе де, демалыс күндері шектеу шаралары қайта күшіне енеді. Сенбі-жексенбі күндері діни нысандар, сауда үйлері, жабық базарлар, шаштараздар, фитнес-орталықтар және спорт кешендерінің жұмыстары уақытша тоқтатылады.

Серік Сықпабаев, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

– Бұл ретте қызметін қайта бастайтын барлық нысан үшін келушілер мен персоналға термометрия жүргізу, келушілер мен персоналдар жеке қорғану құралдарын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау жалпы талап болып қала береді.

Хабар 24 телеарнасы