426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында шектеулерді жеңілдетудің екінші кезеңі басталды

  • 138
  • UPD: 18:58, 31.08.2020
Павлодар облысында шектеулерді жеңілдетудің екінші кезеңі басталды

Павлодар облысында да халықаралық және ауданаралық жолаушылар тасымалы жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резерваттардың жұмысына қойылған шектеу алынды. Сонымен қатар арнайы мектеп-интернаттар, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне де рұқсат берілді. Ал сұлулық салондары, шаштараздар, SPA орталықтары, фитнес және жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру кешендері, бассейндер мен даладағы аттракциондар тек жұмыс күндері қызмет көрсетеді. Сондай-ақ демалыс күндері жабық базарлардың қызметі, сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Батырбек Әлиев, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Театрлар әзірге жұмыс істемейді. Бірақ 30 адамға дейін даярлық шараларын өткізулеріне болады. Қазір кітапханалардың, музейлердің жұмысына рұқсат беріліп отыр. Егер өңірде COVID-19 инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай ушығып жатса, қайтадан шектеу қойылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы