426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бүгіннен бастап қалааралық автобустар қайта жүре бастады

  • 242
  • UPD: 18:05, 31.08.2020
Алматыда бүгіннен бастап қалааралық автобустар қайта жүре бастады

Автобекеттер жолаушылардың қауіпсіздігі үшін санитайзерлер қойып, келушілердің дене қызуын тексереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орындықтар да бір-бірінен алшақ қойылған.

Ерлан Әбілдаев, халықаралық автобекеттің тасымалдау бөлімінің басшысы:

- Маршруттық схеманың ішінде көрсетілген тоқтайтын жерлер. Сол тоқтаған жерде жолаушылар автобустың ішінен шығады. Экипаж екі адам бізде. Автобустың ішінде олар санитарлық тазалау жұмыстарын өткізеді. Терезелерін ашып, есіктерін ашып, автобусты желдетіп шығады.

Алматыда спорт кешендері де жұмысын қайта бастады. Тек алдын ала жазылу керек. Ал, мешіттер жекелеген келушілерді қабылдағанымен, көпшілік жиындарға әлі де рұқсат жоқ. Ұлттық табиғи парктер мен музейлер де ашылып, театрлар дайындық жұмыстарын бастады. Тек дайындыққа 30 актерге дейін ғана қатыса алады. Бетперде тағып, екі метрге дейін арақашықтық сақталуы тиіс. Ал, үзіліс арасында мекеме іші желдетіледі.

Ерлан Кәрібаев, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері:

- Шамамен бір 30%-тей қызметкерлер жүр. Оның өзінде көріп тұрсыздар, арақашықтықты сақтауға тырысамыз. Көрермен болмаса, біздің қызметіміздің өзінің бір қадірі де кетіп қалады. Сондықтан да құрметті көрермендер, шын мәнінде біз сіздерді сағындық.

Хабар 24 телеарнасы