420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда мектеп формасын тігетін фабрикалардың жұмысы тоқтап тұр

  • 189
  • UPD: 23:48, 31.08.2020

Қауіпті вирусқа байланысты биыл оқушылардан біркелкі киім кию талап етілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ата-аналар үшін қаражатқа үнем болғанымен, өнім өндірушілер үшін үлкен шығын болып отыр.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Әдетте жылдың осы мезгілінде мектеп формасын сататын сауда орындарында киім іздеген жұрт сабылып жүретін. Биыл баласын ерткен ата-ана да, қызу сауда да жоқ. Сатылым 95%-ке төмендеген. Оқушылар қашықтан оқитын болған соң мектеп формасына сұраныс күрт азайды.

Блиц 1:

- Мектеп формасын алмадық. Оған жағдай келмейді. Карантинмен ақша жағынан өте қиын болып тұр қазір.

Блиц 2:

Сабаққа бармаса, мектептің формасы не үшін керек?

Блиц 3:

- Биыл үйде отырғаннан кейін ештеңе алмаймыз. Мектепке шақыртқанның өзінде бар киімімізді киіп барамыз.

Кезекші сыныптарға баратын оқушылар ғана бірен-саран мектеп формасын сатып алуда. «Бірақ бұл өндірістің жағдайын жақсартпайды», - дейді кәсіпкерлер. Жұмыс тоқтаған соң қызметкерлерді қысқартуға тура келген.

Айман Шоқыбаева, сатушы:

- Қазіргі таңда өндірісіміз цехымыз тоқтап тұр. Біз қыстың күні барлығын дайындап, барлығын шығарып, барлығын тігіп дайындап қойғанбыз. Күтудеміз. Мектеп формасының қайтадан кіргізеді, балалар мектепке барады дегендей.

Елжан Қошақбаев, тауар өндіруші:

- Көтерме тауар сатып алушыларға да, жеке тұтынушыларға да жеңілдік жасадық. Алайда, аймақтардағы серіктестеріміз, тапсырыс бермек тұрмақ, былтыр алған тауарларын сата алмай, бізге қайтаруда.

Өндірістің қашан қайта жанданатыны белгісіз. Өндірушілердің «мектеп формасын мүлде алып тастамаса» деген қорқынышы да жоқ емес.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов, Айдар Әбдешов

Хабар 24 телеарнасы