424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында карантин режимі 14 қыркүйекке дейін ұзартылды

  • 232
  • UPD: 22:12, 31.08.2020
Атырау облысында карантин режимі 14 қыркүйекке дейін ұзартылды

Алайда, облыстағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына орай жұмысы тоқтап тұрған бірқатар нысандардың қызметіне рұқсат берілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу шараларын жеңілдетудің екінші кезеңінде монша мен сауналар, бассейндер жұмысына кіріседі.Той, ас беру секілді отбасылық шараларды өткізуге салынған тыйым күшін жойған жоқ. Сондай-ақ түнгі клубтар, караоке мен кинотеатрлардың қызметіне де рұқсат берілмеді. Ертеңнен бастап мешіттер мен шіркеулер, спорт нысандары, мәдени орындар жұмысына кіріседі. Бірақ адамдардың көп жиналуына әлі де рұқсат берілмеді. Мешіттерде жұма намазы оқылмайды, бірақ жеке-жеке келіп құлшылық жасауға, Құран оқытуға мүмкіндік бар.

Алтынбек Ұтысханұлы, орталық мешіттің бас имамы:

Тек қана жеке намаздар оқылады. Әркім келіп, өз бетінше намаздарды оқитын болады. Және де неке қию, Құран оқуға да мешітіміз ашық болады. Карантин шарттары да орындала отырып, намаздар оқылатын болады. Маскалар киіледі, арақашықтық сақталады және дезинфекция жүргізіліп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы