420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертеңнен бастап еліміздегі ғибадат үйлерінің қызметі қайта жалғасады

  • 164
  • UPD: 00:22, 01.09.2020

Елдегі ғибадат үйлері де қызметін қайта жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ әзірге топ болып құлшылық етуге рұқсат жоқ. Себебі, діни ұйымдарға келушілердің қауіпсіздігі үшін санитарлық талапты сақтау өз күшінде қалып отыр. Ертеңнен бастап жамағатты күтетін ақтөбелік мешіттер де әзірлігін пысықтады.

Соңғы екі ай бойы есігі жабық болған өңірдегі ең үлкен «Нұрғасыр» мешіті ертеңнен бастап келушілерді қайта қабылдайды. Алайда, дене қызуы жоғары және бетпердесіз бас сұққан адам кіргізілмейді. Ал, намаз оқу кезінде екі метрге жуық арақашықты сақтау қажет. Онда да әркім жеке оқуы тиіс. «Бұрынғыдай топтасып жұма және бес уақыт намазды өтеуге әзір болмайды», - дейді мешіт қызметкерлері. Сондай-ақ, Құран оқытуға немесе неке қиюға келгендер үшін де қойылар өзіндік талап бар.

Төлеби Оспан, облыстың бас имамы:

- Құран оқитын кісілер он кісіден аспауы, ал неке қиюға неке қиюшылар мен куәгерлердің ғана кіруі талап етіледі. Енді елдегі алдағы індеттің жағдайы тұрақты болған жағдайда бес уақыт намазды жамағатпен оқуға үміт етеміз. Жамағат та бұл күнді, мешітті өте сағынып, бүгінгі ашылғанын барлығы да қуанышпен қарсы алуда.

Мешіттерде діни сауат ашу курстары мен уағыз-насихат жүргізу де әзірге тоқтатылған. Дәрістер тек әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы өтпек. Мұндай талап мешіттерден өзге облыстағы барлық шіркеу, храмдарға да ортақ.

Мұрат Құлбергенов, облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары:

- Ертеңнен бастап мешіттердің барлығы есіктері ашылып, тек қана жеке намаз оқу жүргізіледі. Тек қана мішеттер ғана емес, провославтық шіркеулерде де жеке дара құлшылық ету рәсімдері өткізіледі. Ұжымдық оқылмайды.

Бүгінде өңірде әртүрлі діндегі 84 ғибадат үйі бар. Барлығы да бұған дейін жамағатпен онлайн түрде байланыс орнатты. Ал, шектеу шаралары кезекті рет жеңілдетілгенімен, көпшілікпен жұмыс істейтін нысандарға қауіпсіздікті күшейту ескертіліп отыр. 

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, апта бойы жұмыс істеген сауда-саттық орындары, базарлар және өзге кәсіпкерлік нысандары сенбі, жекесенбі және мереке күндері қызметін уақытша тоқтатады. Ал, қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат беріліп отыр. Дегенмен, бұған дейін белгіленген кесте аясында ғана жолаушылар тасымалдай алады.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы