420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде салқын және ыстық су мен жылу үшін тұрғындардың қарызы қордаланып қалды

  • 151
  • UPD: 07:56, 01.09.2020
Ақтөбеде салқын және ыстық су мен жылу үшін тұрғындардың қарызы қордаланып қалды

Ақтөбеде салқын және ыстық су мен жылу беретін мекеме алдындағы тұрғындардың қарызы 160 млн теңгеге жеткен.

Бұл жыл басындағы үш айға жуық мерзім ішінде жиналған абоненттердің берешегі. Осыған орай қазір монополист компания қызметкерлері қордаланған қызмет ақысын қайтаруға кірісті. Күн сайын борышкерлерге қоңырау соғып және үйлеріне барып ескертіп жүр. Ал ұзақ уақыт төлемей жүрген кейбір тұрғындардың ісі қаржы ұйымдарына жолдана бастапты. Нәтижесінде берешегін өтемеген адам енді банктен несие ала алмауы мүмкін. Дегенмен, коммуналдық кәсіпорын қыс кезінде ешкімнің жылусыз қалмайтынын хабарлауда. Қазір жаз мезгіліне жоспарланған жылу құбырларын жөндеу жұмыстары 80 процентке орындалған.

Айтбай Дауылбаев, коммуналдық кәсіпорын бас инженерінің орынбасары:

- Жылыту маусымы уақытында басталады және де қыркүйек айының 15-17 аралығында үш күн магистральді құбырлар желілерін қысыммен тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Енді өзіміздің тарифте қаралған жұмыстар 80 процентке жақын және сонымен қатар біздің ағымдағы жұмыстар жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы