429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысына 275 жаңа автобус сатып алынады

  • 216
  • UPD: 08:44, 01.09.2020
Қарағанды облысына 275 жаңа автобус сатып алынады

Қарағанды облысында жолаушылар тасымалдайтын автобустардың 50 проценті ескірген. Басым көбінің қызмет етіп келе жатқанына 13 жылдан астам уақыт болыпты.

Облыстағы 250 елді мекенді байланыстыратын қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесі бірінші орында тұр. Осы мақсатта былтыр облыс тасымалдаушылары 105 су жаңа автобус сатып алған. Бұған шамамен 4,2 млрд теңге қаржы жұмсалған. Биыл жеңілдетілген лизингтік қаржы есебінен Қазақстанда шығарылған тағы 275 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр.

Атап өтері, алынған қоғамдық көліктердің 80 проценті мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп тұруына ыңғайлы болмақ.

Әскербек Халтонов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Бұл жандардың кіріп-шығуына ыңғайлы қылып, арбалардың тұратын орындары болады, арнайы кнопкалар болады. Биылғы 275 жаңа автобус алып жатырмыз. Оның басым көбі мүгедек жандарға кіріп шығуына қолайлы болуына назар аударып жатырмыз. Алда да облыс бойынша осындай жұмыстар жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы