420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шағын кәсіпорындар қай өңірде көп тіркелген

  • 234
  • UPD: 10:25, 01.09.2020
Шағын кәсіпорындар қай өңірде көп тіркелген

Биыл Алматыда шағын кәсіпорындар саны едәуір көбейген.

Шілдеде еліміздегі шағын компаниялардың саны 313,6 мыңға жетті. Бір жыл ішінде өсім 8,8% құрап отыр. Олардың ішінде 164,3 мың белсенді шағын компания бар, бір жыл ішіндегі өсім – 3,6%.

Шағын компаниялардың төрттен бірі Алматыда шоғырланған: 40,6 мың, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3% көп. Одан кейін Нұр-Сұлтан (27,2 мың компания, 5,1% артқан) және Қарағанды ​​облысы (9,9 мың шағын кәсіпорын, 2,2% артты).

Белсенді шағын компаниялар санының көбеюі Қазақстанның 9 аймағында тіркелді. Әсіресе, Алматы облысында өсім байқалды: 10,4% артып, 9,1 мыңға жеткен, ал айтарлықтай төмендеу Қызылорда (–3,7%), Жамбыл (–2,5%) және Шығыс Қазақстан облыстарында (–2, 4%) байқалды.

Бір жыл ішінде сауда және автомобиль жөндеу саласындағы белсенді шағын компаниялар саны айтарлықтай көбейген. Ал  қаржылық және сақтандыру қызметі саласында төмендеу байқалды.

Хабар 24 телеарнасы