420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19 және пневмония жұқтырған 1111 медицина қызметкері төлем алды

  • 155
  • UPD: 14:12, 01.09.2020
COVID-19 және пневмония жұқтырған 1111 медицина қызметкері төлем алды Казинформ

COVID-19-бен күресуге тартылған 1111 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 8 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

«1 қыркүйектегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1111 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 8 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды», – делінген ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (176) және Алматы қалаларынан (128), Алматы (96), Ақмола (88) және Атырау облыстарынан (79) жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы