420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Мейірімді жүрек – жақсы тілек» акциясы басталды

  • 173
  • UPD: 16:44, 01.09.2020
Таразда «Мейірімді жүрек – жақсы тілек» акциясы басталды

Жаңа қайырымдылық жоба аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан жәрдемге мұқтаж оқушыларды қолдап, оларды мектепке қажетті заттармен қамтуға бағытталған.

Айта кету керек, биыл облыстағы 258 мектепте 206 мыңнан астам бала қашықтан білім алады. Шалғай ауылдарда орналасқан 184 білім ошақтары дәстүрлі түрде жұмыс істейді.

Зәуре Әбдірәсілова, №3 мектеп-лицей директоры:

- 700-ден астамы – әлеуметтік аз қамтылған отбасы. Бүгінгі таңда барлық жағынан мониторинг жүргізіп, кімге қандай көмек керек екені анықталып ата-аналарымызға мектептің базасындағы барлық компьютерді, ноутбукті таратып бердік. Сонымен қатар қалалық Білім бөлімі тарапынан берілген планшеттерді тараттық. Жетпей жатса, болашақта тағы да алу мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы