420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да Білім күні қарсаңында 3 жаңа мектеп ашылды

  • 127
ШҚО-да Білім күні қарсаңында 3 жаңа мектеп ашылды

ШҚО-да Білім күні 3 жаңа мектеп қолданысқа берілді.

Олардың екеуі шалғайдағы Абай және Тарбағатай аудандарында салынды. Ал үшіншісі 1000 орындық білім ордасы Өскемендегі Ахмер кентінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ облыс орталығында 50 жыл жөндеу көрмеген Жас техниктер орталығы биыл заман талабына сай жаңартылды. Ол үшін 200 млн тг-ге жуық қаражат бөлінді. Сондай-ақ жаңа оқу жылында мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында қалада балабақша ашылды. 100 орындық мекеме мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиесіне үлес қоспақ.

Әлия Смағұлова, балабақша директоры:

- Ең негізгі ерекшелік – мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтініміз. Оларға бұл балабақша өте қажет. Сондықтан мемлекет осыған күш салуда.

Хабар 24 телеарнасы