420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: диспансерлік есепте тұратын науқастарға тегін дәрі беріледі

  • 202
  • UPD: 19:55, 01.09.2020
COVID-19: диспансерлік есепте тұратын науқастарға тегін дәрі беріледі

Коронавирус инфекциясымен ауырған, диспансерлік есепте тұрған науқастарға емдеу хаттамасындағы 5 түрлі дәрі тегін беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін онлайн брифингте №4 қалалық емхананың клиникалық фармокологы Әйгерім Тоқтыбаева айтты. Ауруына байланысты қауіпті топқа жататын науқасқа дәрі алатын уақыт келгенде учаскелік дәрігер рецепт шығарады. Сол бойынша әлеуметтік дәрігер дәрі-дәрмекті науқастың үйіне жеткізіп береді. Айта кетейік, №4 емханада диспансерлік есепте 17 мың 60 науқас тіркелген. Тегін дәрі алу үшін науқастар колл-орталыққа хабарласуы керек.

Әйгерім Тоқтыбаева, №4 қалалық емхананың клиникалық фармокологы:

– Парацетамол, ибупрофен осыған қоса 3 түрлі антикаогулянт: апиксобант, ревороксобант, давиготрам осы дәрілерді коронавирус инфекциямен ауырған науқастарға тегін бере аламыз. Емханамыздың коол-орталығы 312-24-77 телефонына байланысу арқылы, немесе е-гов порталы арқылы өтінім бере алады.

Хабар 24 телеарнасы