426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Интернет арқылы қысым көрсеткендерге жауапкершілікті күшейту қажет – А.Дүйсенова

  • 148
  • UPD: 11:53, 02.09.2020
Интернет арқылы қысым көрсеткендерге жауапкершілікті күшейту қажет – А.Дүйсенова

Интернет арқылы біреудің ізіне түсіп, қысым көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдата түсу қажет.

Бұл туралы «Ақтөбе облыстық мемлекеттік емес ұйымдары бірлестігінің» төрайымы Айгүл Дүйсенова мәлімдеді. Оның айтуынша, бірінші кезекте мұндай қылмыстың құрбаны нәзік жандылар мен балалар болады екен. Ай сайын жүздеген ақтөбелік әйел түрлі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар боп, психологиялық қолдау орталығының көмегіне жүгінуге мәжбүр. Соңғы уақытта балалардың да қысым көріп, тығырыққа тірелуі жиілеп кеткен. Әсіресе, карантин кезінде жәбірленушілердің қатары күрт артқан. Сондықтан ол әлеуметтік желілер арқылы қысым көрсетіп, қылмысқа барғандарға кесілетін үкімді күшейту қажет деген ойда.

Айгүл Дүйсенова, «Ақтөбе облыстық мемлекеттік емес ұйымдары бірлестігі» ЗТБ төрайымы:

- Кей кездері психологиялық қысым көрсету нәтижесінде балалар өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін. Бұл өте күрделі мәселе. Сондықтан біз үшін маңызды ұсыныс ретінде балалардың тағдыры мен болашағы үшін интернет арқылы қысым көрсеткендерге жауапкершілікті күшейту қажет. Сонда ғана мұндай қылмыстың алдын алуға болады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы