429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұқаралық спортты дамыту керек – қоғамдық ұйым өкілі

  • 177
  • UPD: 14:26, 02.09.2020
Бұқаралық спортты дамыту керек – қоғамдық ұйым өкілі

Шығыны көп клубтар қысқартылса, үнемделген қаражат ұлттық спортқа бағытталуы тиіс.

Себебі, бұқаралық спортты дамытудың алғышарты осы. Бұл көкшетаулық қоғам белсендісі Бақыт Смағұлдың пікірі. Сарапшының айтуынша, бұқаралық спортқа көңіл бөлінбей жатқан жоқ. Бірақ әлі де болса, нақты шешімдер аз. Мәселен, бұл мәселе Президенттің былтырғы Жолдауында да көтерілген еді. Артынша бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жоспары әзірленді. «Алайда, оның өзінде барлығы тек іс-шара өткізумен шектелген», - дейді, қоғамдық ұйым өкілі.

Бақыт Смағұл, «Ел бірлігі» ҚБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы:

- Қазір қарасаңыз, осы көп қалаларда, оның ішінде осы Көкшетау қаласында мысалы, үлкен-үлкен теннис залдары, мұз айдындары салынды бір кездері. Қыруар миллиардтаған ақша бөлінді. Енді ол да керек шығар. Бірақ енді мынау ұлттық спортқа келген кезде, қазақ күресін өткізетін зал жоқ. Осы мәселені біздің көптеген спортшылар маңайда жүрген бізге өтініш жасайды, «осы мәселені көтеріңіздер» деп.

Хабар 24 телеарнасы