429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


#НұрСұлтанпаркchallenge2020: Елордада 5 және 6 қыркүйекте жүгіруден онлайн-жарыс өтеді

  • 164
#НұрСұлтанпаркchallenge2020: Елордада 5 және 6 қыркүйекте жүгіруден онлайн-жарыс өтеді

Стартты өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бастауға болады, қатысушы деректері онлайн режимде жазылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ басқа қалалардың спортшылары мен әуесқойлары #НұрСұлтанпаркchallenge2020 км жүгіруге қатыса алады. Негізгі жарыстар 5 және 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Орталық саябағында, шаңғы-роллерлік трассада өтеді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар жарыстың белгілі бір орынмен шектелмейтінін атап өтті.

«Басқа қалада болсаңыз да, тіркеліп, арақашықтықты сақтап, бізбен бірге жүгіріңіз! Барлық тіркелген жүгірушілер орналасқан жеріне қарамастан қатысады», – делінген хабарламада.

5 км-де #НұрСұлтанпаркChallengе2020 қатысушысы болу үшін s10.run/tilda/ сілтемесі арқылы «ҚАЗІР ТІРКЕЛУ» батырмасын басып, тіркелуге болады.

«Жарыс ережелерін мұқият оқып шығыңыз және S10.run қосымшасына Strava-ға қосылуға рұқсат бар-жоғын тексеріңіз. Егер сіз жарысқа тіркелген болсаңыз, жүйе мұны тағы қайталаған кезде «Сіз жарысқа сәтті тіркелдіңіз, біз сізді стартта күтеміз!» жазбасын көрсетеді», – деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Стартты өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бастауға болады, сіздің деректеріңіз онлайн режимде жазылады.

Жүгіру тегін. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар беріледі. Толық ақпаратты s10.run сайтынан, сондай-ақ https://www.instagram.com/astanapark Instagram парақшасынан табуға болады..

Жүгірудің бас серіктесі – GASENERGY премиум класты жанармай құю станциялары желісі.

Серіктестер: Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы QazAthletics, «ҚТЖ ҰК» АҚ, Vesti.kz – спортпен өмір сүр! (vesti.kz)» интернет-ресурс желілік басылымы.

 

Хабар 24 телеарнасы