420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада азаматтарды әскери қызметке күзгі шақыру басталды

  • 106
  • UPD: 12:40, 02.09.2020
Елордада азаматтарды әскери қызметке күзгі шақыру басталды

Бұл маусымдағы шақыртуда санитарлық-гигиеналық талаптарға ерекше мән беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Нұр-Сұлтандағы жиналу орнында күзгі шақырту кампаниясы басталды. Шақырту алған елордалық 800 азамат күзде ел аймақтарындағы Қарулы Күштер қатарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланға аттанады.

«Күзгі шақырту қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында өтеді. Жас әскерилердің алғашқы шебі келесі аптадан бастап әскери бөлімдерге таратылады. Әскер үнемі модернизацияланып, технологиялық жабдықтанып жатыр. Сондықтан шақырып жатқан азаматтарға да қойылар талап жоғары», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Сағынбеков.

Оның айтуынша, бұл жолы санитарлық-гигиеналық талаптарға басты назар аударылуда.

Алдағы уақытта шақыру медициналық комиссиясынан 18 бен 27 жас аралығындағы жалпы саны 9 мыңға жуық азамат өтеді.

Хабар 24 телеарнасы