420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2025 жылға дейін жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады

  • 92
  • UPD: 12:32, 02.09.2020
2025 жылға дейін жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады

Елімізде 2025 жылға дейін жекешелендерудің жаңа жоспары қабылданады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Сондай-ақ салық пен бірқатар төлем түрі қысқартылып, пандемия кесірінен қиындыққа тап болған кәсіп иелері үшін бөлшек сауда салығын төлеу мәселесі қарастырылады», - деді ол. Шағын және орта бизнестің шатқаяқтап қалмауы назарда болады. Мәселен, кәсіпкерлерге жалдау төлемақысын жыл соңына дейін тоқтата тұру жеңілдігі жасалады. Президент Жолдауда осыны тапсырған еді. «Бұл шаралардың жедел әрі сапалы атқарылуын бақылауда ұстаймыз», - деді Руслан Дәленов.

Хабар 24 телеарнасы