429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызмет жүйесіне өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі

  • 175
  • UPD: 14:31, 02.09.2020
Мемлекеттік қызмет жүйесіне өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі

Мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту үшін Парламент Мәжілісі жыл аяғына дейін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаға түзетулер пакетін қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Мемлекет басшысының Жолдауы негіз болды. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин сапалы және ұлттық индустрияны дамыту үшін жаңартылған заңнамалық негіз қажеттігін айтты. Осы орайда жыл соңына дейін «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасын әзірлеу жоспарда. Биыл экологиялық кодекс қабылдануы тиіс. Қазір палатада жатқан «Қоғамдық кеңестер туралы» заң да қабылданады. Президент Жолдауда жүктеген тапсырмаларды орындау мақсатында адам құқығы мен бостандығын қорғау, учаскелік инспектордың мәртебесін арттыру, бизнесті күш құрылымдарынан, балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылданбақ. Ал, азаптауға және адам саудасына қарсы күрес заңнамалары жетілдіріледі. Сондай-ақ ұлттық парктер мен басқа да табиғи байлықтар заңмен қорғалып, осы салада құқық бұзғандарға жаза қатаңдайды.

Хабар 24 телеарнасы