420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маман пікірі: «Аңсаған сәби» жобасы – игі бастама

  • 172
  • UPD: 17:42, 02.09.2020

Президент жариялаған «Аңсаған сәби» жобасы – игі бастама.

Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Белоногтың пікірі осындай. Маманның айтуынша, биыл өңірде тек 28 отбасыға ғана ЭКО жасатуға квота бөлінген. Жылдағы көрсеткіш те осы маңайда. Ал, кезекте тұрғандары болса, бұдан  бірнеше есеге көп. «Сондықтан бала сүйе алмай отырған жанұялар үшін аталған бағдарламаның теңдесі жоқ», - деді дәрігер.

Юрий Белоног, облыстық аурухананың бас дәрігері:

- Біздің өңірге жылына шамамен жоқ дегенде мыңға жуық квота қажет деп есептеймін. Себебі соңғы кездері әйелдермен қатар ерлердің де бедеулігі артып келеді. Бұл – үлкен проблема. Және оны тез арада шешу қажет. Жалпы айта кету қажет, соңғы үш жылда облыста 100-ге жуық отбысы осы ЭКО арқылы сәбилі болды.

Хабар 24 телеарнасы