420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин кезінде еңбек жарақаттарын алғандар азайды

  • 107
  • UPD: 16:06, 02.09.2020
Карантин кезінде еңбек жарақаттарын алғандар азайды

Былтыр елімізде 1500-ге жуық адам жұмыс барысында жарақат алып, 180-і көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл осы көрсеткіш шамамен 15%-ке төмендеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бірлестіктің XVI съезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, оған карантин режимінің енгізілуі мен жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары сеп болды. Онлайн форматта өткен жиында жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін алдағы 5 жылға арналған стратегия қабылданды. Құжат еңбекақы жүйесін жетілдіру, лайықты еңбек етуге жағдай жасау, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау, еңбек даулары мен жанжалдарды шешу және қоғамдық бақылау ұйымдастыру мәселелерін қамтиды.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

-Қауіпсіздік мәселесінде қоғамдық бақылау деген бар. Оған біздің негізгі инструментіміз бар. Ол – өндірістік кеңестерді құру. Және еңбекті қорғау мәселесі бойынша техникалық инспекторлардың санын арттыру. Біз қазір қоғамда жүрген еңбек иснпекциясының мәртебесін өсіру туралы ұсыныстарды қолдап, оны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне кері қайтаруды қолдап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы