420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 9 жастағы баланың қайдан табылғаны белгілі болды

  • 127
  • UPD: 15:58, 02.09.2020
Алматыда 9 жастағы баланың қайдан табылғаны белгілі болды

Алматы полициясы 9 жастағы Месут Мырзақұловтың жоғалуына байланысты толық мәліметті жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Анықталғандай, полиция баланы өзінің бұрынғы көршісі әрі досының үйінен тапты. Ол досымен ойнап кетіп, кеш болған соң үйінде қонып қалған.

«Месут досына қонаққа барған. Атасы мен әжесіне сол үйде екенін айтқан. Кеш болып кеткендіктен сол үйге қонған. Баланың ісін шалалық деуге де болады. Бірақ түнімен баланы полиция мен кинологтар іздеді. Таңертең іздеу шараларына мұғалімдер мен еріктілер қосылды. Баланың дін аман табылғанына қуаныштымыз», - деді қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Полиция қызметкерлері баланы анасына тапсырды. Месуттың отбасында өзінен кейін қарындасы өсіп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, баланың іздестіріліп жатқаны туралы хабарладық.

Одан соң бала аман-есен табылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы