420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Израиль елшілігі қоршауға алынды: полиция мән-жайды түсіндірді

  • 253
  • UPD: 16:50, 02.09.2020
Елордада Израиль елшілігі қоршауға алынды: полиция мән-жайды түсіндірді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Израиль елшілігіне күдікті белгілері бар екі сөмке жеткізілген, деп хабарлады Polisia.kz.

2 қыркүйекте 102 нөміріне елшілікке күдікті белгілері бар екі сөмке пошта арқылы келгені туралы хабарлама түскен. Салмағы 7 келіден асатын сәлемдеме Тель-Авив қаласынан Алматы арқылы жеткізілген болып шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Израиль елшілігі орналасқан «Азия» бизнес орталығының аумағын қоршауға алды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, кинологтар және қалалық шұғыл жағдайлар қызметі келді.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері сөмкелерден қауіпті заттарды тапқан жоқ. Сөмкелерде жеке заттар бар болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы