424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда салмағы 118 келілік балық ауға түсті

  • 230
  • UPD: 20:44, 02.09.2020

Атыраулық балықшылар салмағы 118 келі қорытпа балықты ұстады. Алып балық «Жайық-Атырау» бекіре зауытына тапсырылған.

Мамандардың айтуынша, қызыл кітапқа енген бекіре тұқымдас балық келесі балық өсіру маусымына дейін күтімде болады.  Бұл биылға ауланып тұрған екінші алып балық. Осыған дейін,наурыз айында ұзындығы 2 метрден астам, салмағы 148 келі қортпа балығы ұсталған еді. Одан 1 млн астам шабақ алынып, су айдынына жіберілді. 

Ғилыман Сәрсемәлиев, бекіре зауытының директоры:

- Сонымен қатар 22 килограммдық аналық түсті. Бұл балықтар, аталық-аналықтар алдағы уақытта бағымға алынады. Міндетті түрде қыстан өтіп, қыстап шығып, келесі балық өсіру маусымына пайдаланылады. Аталық болсын, аналық болсын, бұл балықтардың жыныс өнімдері ерте көктемде алынып, ұрықтандырылады.

Хабар 24 телеарнасы