421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әкімді халық сайлауы – әділ шешім – Бесағаш ауылының халқы Жолдау туралы

  • 158
  • UPD: 00:33, 03.09.2020

Әкімді халық сайлауы әділетті шешім. Президент Қасым-жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында осы мәселеге кеңінен тоқталды. Үкіметке ауыл-аймақ әкімдерін сайлауды өткізу мен ауыл бюджетін бөлу бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысының бұл бастамасына ауыл тұрғындары не дейді? 

Алматының іргесінде тұрған Бесағаш ауылында 20 мыңнан астам халық тұрады. 20 жылда ауылда оншақты әкім ауысты. Бірақ ауыз су мәселесі әлі шешілмей келеді. Өткен ғасырдың 60-жылдары салынған мәдениет үйі де қараусыз тұр. 

Алмас  Садуақас, тілші:

- Бесағаштағы мәдениет үйінің қазіргі сиқы осы. Әкімдік өкілдері ғимаратты қайта қалпына келтіруге қаржы бөлінген, жөндеу жұмыстары жуық арада басталады дейді. Ал ауыл тұрғындары болса, уәде жиі айтылғанымен орындалуына күмән келтіреді.

Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің тұрғындары бір-бірін жақсы таниды. Бірақ ауыл әкімін мүлдем танымайтындар бар. Ауыл тұрмақ аудан әкімін көрмегендер көп. Өйткені халық пен билік арасында қарапайым қарым-қатынас нашар. Президенттің «ауыл әкімдерін халық сайласын»  деген бастамасын орынды дейді бесағаштықтар.

Мирон  Өтенов, Бесағаш ауылының тұрғыны:

- Қандай әкім болса да халықтың жағдайын жасаса сол жақсы болар еді. Бірақ ауылдың кісісі жақсы ғой енді. Біледі қай жерде тесіктер бар, қай жерде жамау керек. Сондай проблемаларды біледі ғой. Ал былай шеттен келген біздің ауылда не болып жатыр, қай жерде не бар екенін білмейді ғой.

Берік Ақанұлы, Бесағаш ауылының тұрғыны:

- Су керек. Содан кейін мына жақта бұрынғы клуб оған білмеймін ақша бөлінді дейді. Ол жақа бір детсад салса балабақша салса.

Жолдауда «Аса маңызды мәселенің бірі-аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу» керектігі айтылды. Мысалы биыл Бесағаш ауылына бюджеттен  167 млн теңге қаржы бөлінген. Ол қаражат ауылды абаттандыруға, көше жөндеуге, көгалдандыруға және тағы да басқа шығындардың орнын толтыруға жұмсалуыі тиіс.Қазір6 шақырымдық су құбырын жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Мәдениет үйін жөндеуге де қаражат бөлініпті.

Нұрсұлтан Баймұса, Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары:

- Әр ауылдың өзінің орналасуына байланысты халық санының тығыздығына байланысты. Егер де халық көп орналасқан жағдайда бюджеттері өздеріне толық жетеді. Ал, кейбір ауылдар болады кішкентай ауыл ішінде адам саны аз бұл жерде өз бюджеттері өздеріне жетпей бұл жерде мемлекет қосымша қаражат бөліп сондай болса өйткені халық саны аз болғандықтан салық та аз жиналатын болады.

Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандар мен елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілу тиіс» делінген жолдауда Яғни ауыл тұрғындары мен жергілікті әкімдік ақылдаса келе қаражаттың дұрыс жұмсалуын қадағалау керек-ті. Бастаманың негізгі мақсаты осы.

Авторлары: Алмас Садуақас, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы