429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында көптен күткен көпір салынып жатыр

  • 332
  • UPD: 00:39, 03.09.2020

80 мыңдай халқы бар Шиелі кентін қақ жарып өтетін темір жол үстінен өткел салу мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті болып келген. Биыл ауданда бірқатар жоба аясында көлік қатынасы мәселесі шешімін таба бастады.

Ұзын-сонар көлік кептелісі. Шиелі кентін қақ жарып жатқан темір жол бойында күн сайын бірнеше рет осындай көрініс орын алады. Күнделікті күйбеңмен жүрген тұрғындарды айтпағанда, кейде көмекке асыққан жедел жәрдем де пойыздың өткенін ұзақ күтуге мәжбүр. 

Есжан Әміреев, Алмалы ауылының тұрғыны:

- Бар мәселе осы болып тұр. Пойыз өткен кезде жүздеген машина жиналып қалады. Жүруіміз қиындап қалды алаңсыз. Кейде 1 сағат тұрамыз, екі пойыз өтетін болса. 

Өзекті өткел мәселесі жыл соңына дейін шешімін табуы тиіс. Қазір темір жол үстінен құны 647 млллион теңгеге бағаланған автокөлік көпірі ел бюджеті есебінен салынып жатыр. 

Нұрбол Ұлықбеков, учаске бастығы:

- Екі жолақты жол. Екі жағында жағында пешеходный дорожкасы болады адамдар өтетін. Ұзындығы 70 метр. Ені 9 метр болады, пешеходный дорожкасымен қосып алғанда. Декабрь басында бітіруге тырысамыз. 

Шиелі ауданындағы Жөлек ауылының тұсында Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпір де 30 жылдан кейін қайта жаңартылуда. Шұрық-тесік қайықтар ауыр жүк көліктерін көтермей, апатты жағдайда тұрғын еді. Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, ұзындығы 80 метрлік өткел бастан-аяқ күрделі жөнделіп жатыр. 

Ансар Мұсабаев, Жөлек ауылдық округінің әкімі:

- Оның бағалық құны 117 млн теңгеге бағаланған. Қазіргі таңда осы бағдарлама аясында Жөлек ауылынан 13 азамат жұмыспен қамтылып, жұмыс жасалып жатыр. 

Қалқымалы көпір 10 тоннаға дейінгі жүк көліктерін өткізуге қауқарлы. Бұл дарияның арғы бетінде мал бағып, шаруасын ширатқан бір қауым елдің тұрмысын жеңілдетері анық.

Авторлар: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы