429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жасыл ел» жасағы тазалық маусымын аяқтады

  • 280
«Жасыл ел» жасағы тазалық маусымын аяқтады

Қарағанды өңіріндегі «Жасыл ел» жасағы биыл карантиндік шектеулерге байланысты тазалық маусымын мезгілінен кеш бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен жоспарланған жұмыстар суық түспей аяқталды. Табиғат жанашырлары тек тамыз айында қаладағы бірнеше саябақты, гүлзарларды күл-қоқыстан тазалап үлгеріп, ағаш көшеттерін еккен. Бұл ақылы жұмысқа 1300 адам тартылды. Олардың барлығы – 14 пен 28 жастағы қыз-жігіттер.

Оңғар Рамазан, «Жасыл ел» жасағының мүшесі:

– Өз қаламды көркейту үшін «Жасыл елге» жұмысқа тұрдым. «Жасыл елде» жұмыс тәжірибесін алып қана қоймай, жаңа достар табасыз, үлкен отбасы болып кеттік. Өкінішке қарай 2020 жылы карантин салдарынан бір маусым ғана жұмыс істедік. 2021 жылы жастарды күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы