431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі стационарларда үш мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

  • 276
  • UPD: 09:32, 03.09.2020
Еліміздегі стационарларда үш мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6459 адам емделіп жатыр.

Олардың арасында 34 бала бар. Стационарларда 3196 науқас жатыр, 3263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы