420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына айыппұл салынды

  • 137
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына айыппұл салынды

Карантин талаптарын сақтамағаны үшін әуежайлар мен әуе компанияларына айыппұл салынды.

«Карантин талаптарын сақтамауға себеп болған негізгі мәселелер: келушілер мен кетушілерге арналған бір ғана кіреберістің болуы, жолаушылар арасындағы арақашықтықтың сақталмауы, терминалда дезинфекциялық кілемшелердің төселмегендігі, перрондық автобустың жүргізушісінің маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсетуі», – деп мәлімдеді Сәдуақас Байғабұлов.

Сонымен бірге «SCAT» әуе компаниясына жолаушылар арасындағы қашықтықты сақтамағаны үшін, ал «Air Astana» әуе компаниясына әуе билеттерін сату кеңсесіндегі қызметкер мен сатып алушы арасындағы қорғаныс шектеуі болмағаны үшін айыппұл салынды.

 

Хабар 24 телеарнасы